Гусейнов Ислам Расулұлы

Селекция және мақта сорттары бөлімінің меңгерушісі

Ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, АШҒА корреспондент-мүшесі

1952 жылы 25 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Береке ауылында дүниеге келген.

 

Білімі: 1972 жылы Ташкент ауылшаруашылығы институтына түскен.

Еңбек жолы:

​1979 жылы институтты ғалым агроном мамандығымен тәмамдаған ол Пахтаарал кеңшарында аға агроном қызметін атқарды. 1989 жылдан бүгінге дейін селекция және тұқымшылық саласында ғылыми істермен айналысады. 1998 жылы Г.С.Зайцев атындағы Өзбек селекция және тұқымшылық ғылыми-зерттеу институтында селекция және тұқымшылық мамандығы бойынша диссертация қорғаған. Өндірістік және ғылыми еңбек өтілі, тәжірибесі 33 жылдан астам. Оның дәрістерін Оңтүстік Қазақстан облысының фермерлік және шаруа қожалықтарының жетекшілері тыңдайды.   

Мақта қозасының жоғары өнімді жаңа сорттарын шығару және өндіріске ендіру бойынша еңбектері үшін 2008 жылы Гусейнов Ислам Расулұлына А.И.Бараев атындағы сыйлық берілді, облыс әкімшілігі мен мәслихатының және аудан әкімшілігі алғысхаттарымен марапатталды. Ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты И.Р.Гусейнов – 200ден астам ғылыми еңбек авторы, мақта, бақша және мал азықтық дақылдар селекциясы және тұқымшылығы мәселелері бойынша 3 кітап, 2 нұсқаулық, 5 ұсыныс және 3 әдістемелік авторы. Селекциялық жетістік үшін 10 авторлық куәлік және мақта сорттарының 10 патентінің иесі. Шығарған мақта сорттары бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысының мақта егілетін алқабының 89%-ында өсірілуде.

мказ.PNG
This site was designed with the
.com
website builder. Create your website today.
Start Now