Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі
«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ

«Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

    ИНСТИТУТТЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ

«Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» тарихы 1927 жылдың 12 шілдесінде орталық атқару комитеті мен Халық комиссарлары Кеңесінің қаулысымен «Пахтаарал» кеңшарының аумағында «Суару тәжірибе станциясының» құрылуымен басталды, ол кеңшардың бүкіл аумағының топырағын зерттеумен, Мырзашөл аймағының сортаңданған жерлерінде мақта қозасын өсіріп-баптаудың агротехникалық тәсілдерін әзірлеумен және нақтылаумен айналысты.

• 1932 жыл. «Суару тәжірибе станциясы» Орта Азиялық ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Қазақ Республикалық мақталық-жоңышқалық тәжірибе станциясы» болып қайта құрылды.

• 1951 жыл. Жерлерді игеру және Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа аудандардың ұйымдастырылуына байланысты (Ильич, Киров, Қызылқұм) «Қазақ Республикалық мақталық-жоңышқалық тәжірибе станциясының» қызметі кеңейтіліп, 1951 жылдың 30 шілдесіндегі КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысымен және 1951 жыл 8 тамыздағы КСРО мақта шаруашылығы министрлігінің сәйкес бұйрығымен Ленин орденді Бүкілодақтық мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Пахтаарал тәжірибелік аймақтық кешенді станциясы» болып қайта құрылды.

• 1959 жыл. Қазақ ауылшаруашылық Академиясының құрылуына байланысты тәжірибе станциясы Түркістанда және Капланбекте (Сарыағаш ауданы) екі тірек бөліміне ие «Республикалық тәжірибе станциясы» болып кеңейтілді және қайта құрылды.

•  1963 жыл. Қазақ КСР оңтүстігіндегі мақта өсіруші аудандардың (Мақтаарал, Жетісай, Киров) Өзбек КСР-ның құрамына берілуіне байланысты «Республикалық тәжірибе станциясы» Ленин орденді Бүкілодақтық мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының құрамына қайта өтті.   

•  1970 жыл. Оңтүстік мақта өсіруші аудандардың Өзбек КСР-нан (Мақтаарал, Жетісай, Киров) Қазақ КСР Шымкент облысына өткеннен кейін станция Ленин орденді Бүкілодақтық мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Пахтаарал мақта шаруашылығы тәжірибе станциясы» болып өзгерді.

•  1989 жыл. «Пахтаарал мақта шаруашылығы тәжірибе станциясы» Қазақстан Республикасы Қазақ ауылшаруашылығы ғылым академиясының «Чимкент» ғылыми-өндірістік бірлестігінің қарамағына өтті және «Мақтаарал мақта шаруашылығы тәжірибе станциясы» болып өзгерді. Бұл кезде станцияда 100-ден астам адам жұмыс жасады, олардың 30-дан астамы ғылыми қызметкерлер.  

•  1997 жыл. 24-шілдедегі №1175 Үкімет қаулысына сәйкес «Мақтаарал мақта шаруашылығы тәжірибе станциясы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы құрамына өтті.

•  2002 жыл. «Мақтаарал мақта шаруашылығы тәжірибе станциясы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі қарамағына өтті.

•  2005 жыл. 22 қарашадағы № 1150 Үкімет Қаулысымен  «Мақтаарал ауылшаруашылығы тәжірибе станциясы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Оңтүстік-Батыс ауылшаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» Республикалық Мемлекеттік кәсіпорынына қарасты  «Мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» Еншілес Мемлекеттік кәсіпорыны  болып қайта  құрылды.

•  2007 жыл.  2007 жылғы 22 мамырдағы № 409 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес және «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің шешімімен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты «Мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта құрылды.

•  2008 жыл. «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің шешімімен «Мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып өзгертілді.

 • 2015 жыл. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі шешімімен «Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қайта құрылған «Ұлттық аграрлық ғылыми-белім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының құрамына өтті.

  «Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас бөлімше (160525, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Атакент қалашығы) және Шардара филиалынан (160021, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Ұзын-Ата ауылы) тұрады, солар арқылы мақта шаруашылығы, Мемлекеттік, қоғамдық құрылымдармен, және Оңтүстік Қазақстан облысының мақта өсіруші агроқұрылымдарымен тікелей шұғыл байланыстар жүзеге асырылады.

1
1

1
1

1/19