Қостақов Амандық Қамбарұлы

Ғылыми хатшы.

Ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, АШҒА корреспондент-мүшесі

1972 жылы 20 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Үлгілі ауылында дүниеге келген.

 

Білімі: 1996 жылы Қазақ Мемлекеттік ауылшаруашылығы институтының ғалым агроном мамандығын тәмамдаған. 2006 жылы Өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасына түсті.  

Еңбек жолы:

​Өз еңбек жолын Үлгілі ауылында жұмысшы болып бастаған. 1997 жылы «Оңтүстіксушар» РМК-да канал басшысы, 2001 жылы «Мақташы» АҚ агроном, содан соң үшінші аймақта тауартанушы, 2003 жылдан «Агроинтекс» ЖШС кассир-оператор болып жұмыс жасаған.

Мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында 2006 жылдың қаңтар айынан бастап кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс жасаған, сол жылдың мамыр айынан «Физиология және өсімдік қорғау» бөлімінің меңгерушісі болып ауыстырылды. 2008 жылдың қаңтар айынан «Инновациялық технологиялар және мақта шаруашылығын диверсификациялау» бөлімінің меңгерушісі. 2010 жылы «Қазақстанның ашық сұр топырағы жағдайындағы мақта егістігіндегі арамшөптермен химиялық күрес әдістері» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады, сол жылы «Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС ғылыми хатшысы болып тағайындалды. 

 Зерттеу саласы – өсімдік қорғау және технологиялар әзірлеу, әзірлемелер дайындау мен жүзеге асыруда тәжірибесі мол. 170 тен астам ғылыми еңбек авторы. «Еуразиялық интеграция институтының» мақта шаруашылығы саласы бойынша эксперті.

мказ.PNG
This site was designed with the
.com
website builder. Create your website today.
Start Now