Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі
«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ

«Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

Институт жайында

«Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС 1927 жылы құрылды және еліміздің мақта саласының дамуын ғылыми қамсыздандыру бойынша Қазақстан Республикасындағы бірегей институт болып табылады. «Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС АӨК тұрақты дамуына қол жеткізу мақсатында нарықтың сұранысын бәсекеге қабілетті мақта, қауын, қарбыз және жоңышқаның жаңа сорттарымен, сондай-ақ оларды өсіріп баптау технологияларымен ғылыми негізде қамтамасыз етеді. Институт иелігінде ауылшаруашылық мақсатындағы 121,3 га суармалы жер, 27 бірлік – ауылшаруашылық техникасы, 79 бірлік – оргтехника және кеңсе жабдықтары бар. Әкімшілік ғимарат аумағы 2904,1 м², мақта тазалау цехының аумағы 542,6 м², ауылшаруашылық техникаларына арналған бастырмалардың жалпы аумағы 2044,3 м².  Зертханалар бүгінгі заман талабына сай жаңа құрал-жабдықтармен, соңғы үлгідегі өлшеу аспаптарымен және ғылыми-зерттеу жұмыстарын озық әдістемелер бойынша жүргізуге қажетті

1/21

басқа керек-жарақтармен қамтамасыз етілген. Web of Science электронды ақпараттық ресурстарына және SpringerLink мәліметтер Базасына қолжетімділік бар. Арнайы ғылыми-техникалық кітапхана бар, оның қорында 3,5 мыңнан астам кітаптар, периодтық басылымдар, нормативті-әдістемелік ұсыныстар, докторлық және кандидаттық диссертациялардың авторефераттары, патенттер мен мақта шаруашылығы ғылымының әртүрлі бағыттары бойынша авторлық куәліктер бар.

«Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Мемлекеттік емес ғылыми ұйымды аккредитациялау туралы куәлігі. (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі, №003618, 27.11.2013 ж.)

Шардара филиалы, оның ауылшаруашылық мақсатындағы егістік жер көлемі – 648 га.

Институт жұмыстары ИСО-9001-2000 сапа менеджменті жүйесінің талаптарына сай жүргізіледі.

Институттың ғылыми қызметкерлері Еуропа елдерінде, Қытай, Пакістан, Үндістан, Америка Құрама Штаттарында, Бразилия, Өзбекстан, Түркия, Малайзия, Африка (Буркина-Фасо), Германия, Франция, Польша, Ресей, Оңтүстік Африка және Аргентина мемлекеттерінде Халықаралық консультативтік комитеттің ұйымдастырған мақта бойынша халықаралық және республикалық форумдар мен симпозиумдарына, семинарлар мен конференцияларына белсене қатысады. Ғылыми еңбектеріндегі мәселелер мен жетістіктерін қоғамдық ақпарат беттерінде белсенді түрде жариялайды. Мақта қозасын баптаудың инновациялық технологияларын және озық тәжірибелерін «Мақтаарал» білім тарату орталығында таратады.

Бас бөлімше:  Атакент қалашығы. Штаты 53 адамнан тұрады, оның 3 ауылшаруашылығы ғылымының докторы және 5 ғылым кандидаттары. Құрамында әкімшілік және бөлімдер: мақта соттары селекциясы; мақта тұқымшылығы; инновациялық технологиялар және өсімдік шаруашылығын әртараптандыру; топырақ мелиорациясы және суармалы егіншілік және зертханалар: мақта қозасының иммунитетінің генетикасы, интродукциясы, коллекциясы; мақта талшығы технологиясы; мақта қозасының және көп жылдық өсімдіктердің тұқымтануы; мақтаның жаңа сорттарын сынақтау және көбейту бар.

 

Шардара филиалы: (Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Ұзын-Ата ауылы) Штаты 21 адам. 648 гектар егістік жері бар. Институттың негізгі ғылыми жетістіктері Шардара филиалы арқылы өндіріске ендіріледі.

1
1

1
1

1/19