Тағаев Асанбай Мамадалиұлы

Топырақ мелиорациясы және суармалы егіншілік бөлімінің меңгерушісі

Ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты

1963 жылы 16 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Абай ауылында дүниеге келген.

 

Білімі: 1986 жылы Қазақ Мемлекеттік ауылшаруашылығы институтының топырақ-агрохимия факультетін ғалым агроном мамандығымен тәмамдаған.

Еңбек жолы:

​Өз еңбек жолын Мақтаарал мақта шаруашылығы ауылшаруашылық тәжірибе станциясының, бүгінде Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының тыңайтқыштар бөлімінде кіші ғылыми қызметкер болып бастаған. 2007 жылдан топырақ мелиорациясы және мақта суғару бөлімінің меңгерушісі қызметіне ауыстырылды.

Зерттеу саласы – топырақ мелиорациясы, қарқынды және қысқа танапты мақта ауыспалы егістерін жетілдіру. Әзірлемелер дайындау бойынша мол тәжірибеге ие, 8 инновациялық патент иесі. 121 ғылыми еңбектің авторы.